13:02, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
ҚР Жоғарғы соты мен ДХҚО арасында мәжбүрлеп орындату жөніндегі нұсқаулық туралы меморандум рәсімделді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Жоғарғы соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы арасында мәжбүрлеп орындату жөніндегі нұсқаулық туралы меморандум рәсімделді. Аталған құжатқа ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Дубай халықаралық қаржы орталығы соттарының бас судьясы Майкл Хван қол қойды.

Бұл құжат әрбір тараптың екінші тараптың соттарында ақша сомасын өндіру туралы шешімін мәжбүрлеп орындату рәсімдері бойынша тараптардың өзара түсіністігін орнатуға бағытталған. Құжат тек бір адамнан екінші адамның пайдасына ақша сомасын өндіріп алу туралы сот шешімдеріне ғана қатысты. Меморандум аясындағы ынтымақтастық ҚР мен ДХҚО соттарының заңдар мен сот рәсімдерін түсінуге ықпалын тигізеді. Қол қою Қазақстан мен БАЭ арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамуын арттырады. Бұл өз кезегінде іскерлік байланыстарды нығайтып, сот шешімдерінің өзара тиімді орындалу жүйесін жетілдіру арқылы бизнесті екіжақты кіріктіру үшін қосымша мүмкіндік туғызады.