ҚР Жоғарғы сотының төрағасы жұмыс сапарымен Францияда болып қайтты

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Француздық сыртқы саясат ведомствосының жанындағы халықаралық асырап алу жөніндегі елшісі Жан-Поль Моншомен кездесу барысында француздық тарап қазақстандық делегацияны Франциядағы халықаралық бала асырап алу құрылымы мен халықаралық асырап алу істерін жүргізетін орталық орган - сыртқы істер және еуропалық істер министрлігі халықаралық асырап алу бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Тараптар балаларды қорғау жөніндегі Гаага конвенциясының қолданылуы мәселелерін қозғады. М.Әлімбеков аталмыш конвенцияның ережесіне сай, қазір Қазақстанда балаларды қазақстандық отбасылардың асырап алуына көбірек назар аударылатындығын мәлім етті. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасында халықаралық бала асырап алуға да жол берілетіндігін атап өтті. Осы орайда француз тарапынан халықаралық асырап алуда коммерциялық емес жолмен жұмыс істейтін екі ұйымға Қазақстанда бала асырап алғысы келетін француз отбасыларының мүддесін қорғауға рұқсат беру туралы өтініш айтылды.
Тараптар екі елдің сот жүйесінде қалыптасып үлгерген әріптестік қарым-қатынасты ризашылықпен атап өтті. Олар стратегиялық әріптестікті тереңдете түсуге, заң ғылымы саласында кең көлемді мамандар алмасуға деген талпыныстарын растады.
Әділет министрі Мишель Аллиот-Мари Президент Николя Саркозидің ең алдымен екі елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін, сенім жағдайын қалыптастырып, экономикалық жақындасуды қамтамасыз ету үшін құрылатын құқықтық жүйе аясында, және де құқық саласында француз-қазақстан ынтымақтастығының дамуына көп көңіл бөлетіндігін айтты.
ҚР Жоғарғы сотының өкілі Францияның әділет министрін 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.
Францияның әділет министрлігімен болған келіссөздер барысында ағымдағы жылғы ақпанның 15-інде басталып, 4 жылға арналған Еуропалық одақтың «Қазақстан Ресупбликасындағы сот және құқықтық жүйені қолдау» жобасының жүзеге асырылу барысына ерекше назар аударды.