Крещение Господне: Қызылордада шоқыну рәсіміне арналған бірде-бір орын жоқ

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 19 қаңтар күні елімізде православтық христиандар Крещение Господне мейрамын атап өтеді. Алайда, Қызылорда облысының су айдындарында, яғни өзен-көлдерде шоқыну рәсіміне арналған орындар қарастырылмаған. 

Крещение Господне: Қызылордада шоқыну рәсіміне арналған бірде-бір орын жоқ
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Сол күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейд жүргізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

— Мереке кезіндегі ауа райы болжамына келсек, 18-19 қаңтар күндері ауа температурасы орташа есеппен күндіз 10-15, түнде 20-25 градус аяз болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіліп отыр. Белгіленбеген орындарда суға шомылған адамдар 7айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Осы орайда су айдындардағы мұзда және балық аулау кезіндегі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Досымов.

Крещение Господне мерекесі кезінде іс-шаралардың барлығы облыс орталығындағы шіркеу аумағында өтеді.

Айта кетейік, 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні, Рождество мерекесінде Алматы қаласы аумағындағы 13 нысанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезекшілік етті. 

Соңғы жаңалықтар