Криптовалютаға инвестиция салуға бола ма — ҰБ төрағасының жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Криптовалютаның түсінікті, қарапайым құрал болудан ауылы әлі алыс. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

— Крипто, криптовалюта дегенді жиі естіген кезде адамдардың бойында ол сиқырлы таяқша сияқты, инвестиция салу керек, бәрі жақсы болады дегендей әсер қалыптасады. Оған түрлі алаяқтар мен пирамидалар да түрткі болып отыр. Осы орайда пайдаланып, қалай дегенде де бұл актив қаржылық тұрғыда да, ашықтығы, тұтынушылардың құқығын қорғау тұрғысында да барынша күрделі екенін айтқым келеді. Ол депозит сияқты емес. Банкке барып депозит ашасың, саған 3 ай, 1 жылға мөлшерлеме белгілейді. Ол жерде бәрі түсінікті және бәрі соған үйреніп қалған. Криптовалютаның түсінікті, қарапайым құрал болудан ауылы әлі алыс, — деді ол.
ҰБ төрағасының пайымынша, криптовалютамен не қалайтынын, оны қалай қалайтындығын жақсы білетін тәжірибелі инвесторлар айланысуы тиіс.
— Ал қарапайым, орта инвестор оны депозит ретінде қарастырмауы тиіс. Бұл сіздің құқығыңыз, таңдауыңыз. Дегенмен, ең алдымен материалдық бөлігін зерделеп алып, содан кейін инвестиция салған жөн сияқты, — деді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін криптовалютаны азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беретін СryptoCity жобасы іске қосылатындығын жазған едік.