Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мақсат Айтымбетов ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Мақсат Айтымбетов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. 2013 жылдан бастап Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры қызметтерін атқарған. 2023-2025 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры болған.
2025 жылдан бастап осыған дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Сапар тағайындалды.