Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарды қабылдау басталды
Осы мерзімде орталыққа 4,2 мыңнан астам азамат келіп, оның ішінде 2,1 мыңнан астам адамды прокурорлар жеке қабылдады.
Адвокаттардың тегін қызметтерімен 1 мыңнан астам адам пайдаланса, медиаторлар 287 азаматқа кеңес беріп, 11 медиативтік келісім жасады, әділет қызметкерлерімен 432, ал әкімдік қызметкерлерімен 227 адам қабылданды.
800-ден астам келушіге құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетілді (талап-арыздар, өтініштер және тағы басқалар).
Прокуратура, «Нұр Отан» ХДП филиалының және басқа да уәкілетті органдардың басшылықтарымен Орталықта жүйелі түпде жеке қабылдау өткізілуде.
Бұдан басқа, жер, экология және салық қатынастары саласындағы сарапшыларды тарта отырып, азаматтарды қабылдау жүзеге асырылған 7 іс-шара өткізілді.
Орталық қызметінің тиімділігіне, оның өңір тұрғындарына нақты көмек беріп отырғанына - прокуратура басшылығына арналған хаттар мен пікірлер дәлел. Мысалы, орталық қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында төлеуден іс жүзінде босатылған ІІІ-топ мүгедегінен негізсіз ұсталған салық сомасы қайтарылған.
Атап айтқанда, дәл осы жерде азаматтар өздерінің өтініштерін беріп, бұрын берілген өтініштің қалай қаралып жатқанын біле алады, сондай-ақ, облыс басшылығының жеке қабылдауына жазылып, басқа да білікті заң көмегін ала алады.
Айта кету керек, Құқық қорғау қызметтері орталығы 2017 жылдың 20 желтоқсанында ашылған болатын. Оны Жамбыл облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен ашты. Орталықта азаматтар шағымдардың қаралу барысы туралы біле алады және жаңа шағымдарды беруде, сот ісін жүргізуде көмек алып, медиаторлармен сотқа дейінгі мәселелерді шешуіне жағдай жасалған.
Ғибрат Сембай