Кулагин Сандықтаудағы балалар үйін жөндеуге 1 млрд теңге бөлді

 КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Сандықтаудағы балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Кулагин Сандықтаудағы балалар үйін жөндеуге 1 млрд теңге бөлді

Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің аталған ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Сандықтау ауылындағы жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 балалар үйінде болды. Бүгінгі күні мұнда 61 бала тәрбиленуде. Оның 58-і мектеп жасындағы болса, 3-еуі - мектепке дейінгі жастағылар.  

null  

Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған көне ғимарат бүгіндері күрделі жөндеуді қажет етеді. Сол себепті, облыс әкімдігі ғимаратты жаңғырту үшін биылғы жылға 1 миллиардтан астам теңге қаржы қарастырып отыр. Аймақ басшысы облыстық білім басқармасының басшылығымен ғимараттың балаларға жайлы болуы үшін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын талқылады.

«Балалар жататын корпустағы бөлмелер бұрынғыдай үш-төрт адамға емес, екі балаға лайықталып қайта жасақталды. Бірінші қабатта медициналық пункт қарастырылған. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтар ауыстырылып, балалардың осындай тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалынбақ. Алдағы уақытта Есілдегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілер де осында көшірілуі мүмкін», - дейді аталған мекеменің директоры Валентина Крыжановская.

null  

Аталған балалар үйіне жоспарланған жұмыстар облыс әкімінің жеке бақылауында болады.

Айта кетейік, өткен жылы С.Кулагиннің тапсырмасымен Ақкөлдегі балалар үйіне 761,4 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.