Құлсарыдағы жарылыс: Шәпкенов жедел штаб отырысын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Серік Шәпкенов Құлсарыдағы жанар-жағар май бекетінде болған өртке қатысты жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

Құлсарыдағы жарылыс
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. 

— Қазіргі уақытта зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді. Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Құлсарыда газ-ауа қоспасы жарылып, 2 адам қаза тапқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар