Құлсарыда 28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
АТЫРАУ. KAZINFORM — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Қазірге дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды» — делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Күндіз Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.
5 сәуір күні тасқын су Құлсары қаласына кіре бастағанын хабарлаған болатынбыз.
Бейнеу ауданына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері медициниалық көмек көрсетуге арнайы барды.
Сондай-ақ Бейнеу ауданында Құлсарыдан келген 2,5 мың адам орналасып үлгерді. Ақтау қаласында да судан зардап шеккен Құлсары тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды.
Сонымен қатар Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті екенін ресми орындар мәлімдеді.
Су басу кезінде Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына жеткізді.