Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құмкөл кенішінде ілеспе газды кәдеге асыру міндеті толық шешілді

ҚЫЗЫЛОРДА.  Қазанның  1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Министрлік  өкілдері мен    Парламент Мәжілісінің  депутаттары  бейсенбі күні Қызылорда  облысындағы  Құмкөл  кенішінде    болды. 

Құмкөл кенішінде    ілеспе   газды кәдеге асыру  міндеті  толық  шешілді

 Бұл  сапар «Торғай Петролеум»  акционерлік  қоғамының аймақта  үлкен инвестициялық   жобаны    жүзеге асырумен байланысты. Құмкөл  кенішінде    ілеспе  мұнай  газын  өңдеу  жөніндегі       зауыт  іске қосылып,  толық   өндірістік      қуатына    шығарылды.

Зауыттың ашылу  рәсіміне Қызылорда  облысының әкімі  Болатбек Қуандықов,    Еңбек  және халықты әлеуметтік    қорғау министрі   Гүлшара   Әбдіхалықова,   Энергетика     және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай  Тұрғанов, Парламент Мәжілісінің   Жер қойнауы  пайдалану және  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Ерлан     Нығматулин,    басқа да    депутаттар, сондай-ақ компания акционерлері   қатысты.

«Торғай Петролеум»  компаниясының бас   директоры Алик Айбарбаевтың айтуынша,     құны 92 миллион  АҚШ  долларға түскен   газ өңдеу  кешені     жылына 150 миллион  текше метр  ілеспе     мұнай газын  өңдеуге және   105  миллион    текше метр   тауарлы құрғақ  газ   бен  68 мың  тонна сұйытылған    газ  (пропан-бутан  қоспасы)  өндіруге арналған.  «Ал құрғақ газ   мұнай  айдау    және дайындау  учаскелерінің пештеріне отын ретінде      зауыттың  өз мұқтаждығы үшін  пайдаланылады,  сондай-ақ    электр қуатын өндіруге   газ-турбиналы стансыға  жеткізіледі.   Сұйытылған     газ    көлік  және теміржол  көліктерімен  тасымалданып,     ішкі  нарыққа  жеткізіледі  және  тұрмыстық, мотор отындары ретінде  экспортқа шығарылады»,  деп түсіндірді А.Айбаров.

Осылайша,    Құмкөлде  «Мұнай туралы» ҚР Заңына   сәйкес    ілеспе  мұнай газын  толық кәдеге асыру  міндетін  шешілді,  деп атап көрсетті «Торғай Петролеум» АҚ  бас директоры  Алик Айбарбаев.   Бұған қоса,  зауыт    70-тен  астам жаңа жұмыс орнын   ашуға  мүмкіндік беріп  отыр.

«Зауыттың іске  қосылуымен       аймақта   экологиялық  жағдай    біршама  жақсарды»,  деп  атап көрсетті Ерлан  Нығматулин.