Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Күн қайта ысиды

АСТАНА. KAZINFORM — Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды. 

Монумент-Бәйтерек
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді.

Күндіз ауа температурасы:

батыста және солтүстік-батыста +38...+43°C;

солтүстікте +30...+35°C;

орталықта +28...+39°C;

оңтүстікте +36...+41°C;

оңтүстік-шығыста +29...+37°C;

солтүстік-шығыс пен шығыста +23...+32°C болады деп күтіледі. 

Айта кетелік бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады