Күн райына байланысты екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 5 ақпан сағат 18:00-де күннің бұзылуына байланысты Ақтөбе мен қызылорда облыстарындағы республикалық автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Қызылорда қаласы).
Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін Астанадан Щучинск қаласына дейін көлік қозғалысы шектелгені туралы жаздық.