Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Күнде қуатты жарқыл тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – 20 шілдеде Күнде қуаттылығы M2.5 санатына жататын жарқыл тіркелді. Ол 11 минутқа созылды және Жердің геомагниттік жағдайына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

За выходные на Солнце произошло свыше полусотни вспышек
Фото: spec.tass.ru

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, M санатындағы жарқыл 20 шілде күні Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да (Астана уақытымен 20:36) тіркелген.

– Рентген диапазонында 4489 (S04W22) күн дақтары тобында M2.5 санатындағы, ұзақтығы 11 минут болған жарқыл тіркелді, – делінген институт хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, M санатындағы жарқылдар қуаты жағынан X санатынан кейінгі екінші орында және кей жағдайда Жердің магнит өрісіне әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 22 шілдеде Жерде магниттік дауылдар болатыны хабарланған еді.