Құны 2,2 млрд теңге орман қорының жері мемлекетке қайтарылды: жер кімге беріледі

АСТАНА. KAZINFORM —  Ақмола облысы прокуратурасы құны 2,2 млрд теңге болатын орман қорының жер учаскелерін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады. 

орман
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Ақкөл ауданының прокуратурасы ауданның туристік кластерін дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуына ұдайы негізде талдау жүргізіп жатыр.

Орман пайдаланушыларының сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шаралар жүргізу үшін жалға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерін мақсатына сәйкес пайдаланбаған деректері анықталды.

— Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 2,2 млрд теңге болатын мемлекеттік орман қорының 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, оларды туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігі жасалды, — делінген хабарламада.

Аталған басым бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 

Айта кетелік елорда әкімдігі 38 жер учаскесін 1 млрд теңгеге сатып алатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар