Құпия мәлімет: Ұлттық банктің жаңа ғимаратына жұмсалған шығын жарияланбайды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Ұлттық банктің жаңа ғимаратының құрылысына жұмсалған қаражат сомасы жарияланбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

Нацбанк
Фото: Ұлттық банк

- Ғимарат режимді нысан саналады, яғни ерекше қорғауда тұр. Сондықтан Бұған дейін бірнеше рет айтқанмын және тағы да қайталай аламын: бұл ақпаратты жария ете алмаймын, - деді Т.Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қызметкерлер мен жабдықтарды жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстар аяқталды.

- Көшіру жұмыстары біртіндеп жүзеге асырылды. Қазір толықтай осы нысанда орналасып болдық, - деді ҰБ басшысы.

Еске салсақ, биыл қазан айында Ұлттық банктің елордадағы жаңа ғимаратының құрылысы аяқталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар