Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел өңірлеріндегі Құрбан айт намазының кестесін жариялады.

Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- 6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз, - делінген хабарламада.

Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын айтты.

– Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған. Малдың семізін, жарамдысы мен ең жақсысын құрбандыққа шалып, етін тұрмысы төмен адамдарға тарату, қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу, сыйлыққа кәде беру секілді амалдар дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Құрбан айтқа байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Соңғы жаңалықтар