13:56, 12 Наурыз 2016 | GMT +5
КҮРЕС: Астанада Олимпиада жолдамасына таласатын қыз-жігіттердің есімдері белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-20 наурызда Астанада өтетін күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеу жарысына қатысатын еркін күрес пен әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталында хабарланды.
Сонымен Астана бозкілемінде жолдамаға таласатын балуандар:
ЕРКІН КҮРЕС
65 кг - Мейіржан Аширов.
74 кг - Ғалымжан Өсербаев.
86 кг - Аслан Кахидзе.
97 кг - Мамед Ибрагимов.
125 кг - Даулет Шабанбай.
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ
48 кг - Жұлдыз Эшимова
53 кг - Зульфия Яхиярова
58 кг - Айым Әбілдина
63 кг - Екатерина Ларионова
69 кг - Эльмира Сыздыкова
75 кг - Гузель Манюрова.