«Құрылтай» атауының қайта оралуын қоғам қалай қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл сұраққа Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов жалпыұлттық онлайн-марафон барысында жауап берді.

люди
Фото: Александр Павский /Kazinform

— Менің ойымша, «Құрылтай» атауының қоғамдық және құқықтық кеңістікке қайта оралуы оң қабылданды. Себебі бұл сөздің тарихи мағынасы «жиналып, келісімге келу, ортақ шешім қабылдау». Сондықтан бұл атаудың заманауи цифрлық технологиялармен үндесуі орынды деп санаймыз, — деді ол.

Бұған дейін Құрылтай сайлауына 35 жасқа дейінгі 67 жас кандидат қатысып жатқанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.