Құрылтай депутаты мүгедектігі бар жастардың «Болашақпен» білім алуына мүмкіндік жасауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай отырысында Премьер-министрге сауал жолдаған депутат Елдос Баялышбаев мүгедектігі бар балаларға қатысты проблемаларды көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. 

Құрылтай депутаты мүгедектігі бар жастардың «Болашақпен» білім алуына мүмкіндік жасауды ұсынды
Фото: Kazinform/ЖИ

— Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың соңында жағдай Қазақстанда 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 120 013 бала тіркелген. Олардың арасында зияткерлік қабілеті толық сақталғанымен, білім алуға мүмкіндігі болғанымен тірек-қимыл аппаратына байланысты шектеулері бар балалар да кездеседі. Мұндай балалар оқуға, спортпен айналысуға, жоғары білім алуға және болашақта әлеуетін дербес іске асыруға қабілетті. Бірақ, денсаулық жағдайына байланысты физикалық шектеулер көбіне негізгі кедергі емес. Кедергі — қолданыстағы орта мен қолдау шараларының әр баланың жеке қажеттілігіне әрдайым сәйкес келе бермеуінде, — деді ол.

Осыған орай Құрылтай депутаты бұл мәселелерді шешудің нақты 4 тетігін атады. Бірінші тетік – білім беру және әлеуметтену.

— Қолданыстағы инклюзивті білім беру жүйесі базасында зияткерлік қабілеті сақталған балаларға арналған ресурстық сыныптар мен бағдарламалар қарастыру қажет. Білім беру икемді болуы тиіс: күндізгі, жеке және қажет болған жағдайда жекелеген пәндер бойынша онлайн оқыту. Бала толыққанды білім алып қана қоймай, қауіпсіз ортада әлеуметтенуге мүмкіндік алуы керек, — деп атап өтті депутат.

Ол атап өткен екінші тетік — халықаралық білім.

— Жоғары білім алу әлеуеті бар мүгедектігі бар азаматтардың «Болашақ» бағдарламасына қатысуына жеке квота енгізу мәселесімен қатар арнайы тетіктер қарастыру керек. Дене мүмкіндіктерінің шектеулі болуы шетелдің үздік жоғары оқу орындарында білім алуына кедергі болмауы керек, — деді Елдос Баялышбаев.

Төртінші тетік — спорт. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың тұрғылықты жеріне жақын орналасқан қолжетімді бассейндерде, спорт секцияларында, фитнес орталықтарында және басқа да спорт нысандарында жаттығу құнының 70-100 пайызын өтеу мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл шара балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, спортпен тұрақты айналысуына және қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік береді.

— Төртінші тетік — инновациялар. Мүгедектігі бар адамдар мен олардың ата-аналары арасында практикалық шешімдер — ортопедиялық құрылғылар, бейімделген жиһаз, оңалту және спорттық құрал-жабдықтар әзірлеуге бағытталған жыл сайынғы конкурс өткізуді ұсынамын. Мүгедектігі бар адамдар мен олардың ата-аналары қолданыстағы мәселелерді бәрінен жақсы біледі әрі тиімді шешімдер ұсына алады. Пилоттық жоба ретінде прототип әзірлеуден бастап дайын өнімді нарыққа шығаруға дейінгі толық циклді қаржыландыруды көздейтін гранттар қарастыруды ұсынамын, — деді ол.

Айта кетейік, Құрылтай отырысында депутат Жанарбек Әшімжан Алатау қаласының негізгі проблемаларын көтерді.