Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай депутаттарына қойылатын талап күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — Саясаттанушы Индира Рыстина бір палаталы Парламентке көшу депутаттардың заң қабылдаудағы жауапкершілігін күшейтетінін айтты. 


Индира Рыстина
Фото: t.me/referendum_2026

— Енді Құрылтай депутаттары заңның басталуынан қабылдануына дейінгі бүкіл процеске толық жауап береді. Комитеттер саны артып, цифрлық бағыттағы заңдарды жан-жақты қарауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар депутаттық этикаға қатысты талаптар күшейеді, — деді ол.

Құқықтанушы Айгерім Құсайынқызы да Құрылтай қабылдайтын заңдар әр азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, 145 депутат алдағы бес жылда ел үшін маңызды шешімдер қабылдайды. 

Айта кетелік ІІМ Құрылтай сайлауы туралы: жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмегінін айтқан еді