Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ІІМ Құрылтай сайлауы туралы: жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

ІІМ: Елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ
Фото: ІІМ

— Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ, — деді спикер онлайн-марафон аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте.

ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі полиция сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті. Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда және қоғамдық тәртіп бұзылған кезде ғана оны тоқтату үшін кіре алады.

Айта кетелік елімізде тарихи Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сондай-ақ жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатқаны туралы жазған едік