Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» партиясының партиялық тізімі тіркелді

АСТАНА.KAZINFORM — ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының 63 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелді. 

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» партиясының партиялық тізімі тіркелді
Фото: Адиль Нуртазин/Kazinform

— «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы 63 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы жіберген сауалға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен Құрылтай депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына сәйкестігін тексерді. 22 кандидат — әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олардың үлесі — 34,9%. Партиялық тізімге енгізіліген барлық адам Конституция және ҚР Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына сәйкес келеді. «ҚР Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңы 88-бабы, 2-тармағына, сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5% және одан да көбін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымындағы сайлауда 8,41% дауыс алған, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімі тіркелгенін жазғанбыз.