Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Курск облысы Астанада өздерінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті

КУРСК. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Курск облысы Астанада өздерінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

Курск облысы Астанада өздерінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Курск облысының агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқанын және Астана оған қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Өйткені елордалықтар тұтынатын өнімнің 72 пайызы сырттан импортталады.

Қазақстандық серіктестеріне Курск делегациясының мүшелерін таныстыра отырып, облыс губернаторы Александр Михайлов оның құрамында Курсктің 14 кәсіпорын жетекшісі бар екенін атап өтті. Олар: «Коренев төмен вольтті аппаратура зауыты», «Курскпромтеплица», «Курск техникалық маталар фабрикасы», «Вагонмаш», «Рудоавтоматика», «Совтест АТЕ», «Иволга-центр», «Орыс үйі», «Александров жылқы зауыты №12», «Курск сүті», «ЦентрМеталлСнаб».

«Ресей мен Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени байланыстары тығыз орнаған ірі екі мемлекет, - атап өтті А.Михайлов. - Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастықтың 9-шы форумында РФ Президенті Влдаимир Путин екіжақты қарым-қатынасты дамытудың мүмкіндіктерін атап өтті. Бүгінде Ресей мен Қазастан аймақ жетекшілерінің мақсаты - ынтымақтастықты дамытуға қайта жасалған шарттарды барынша жоғары деңгейде пайдалану».

«Курск облысы үшін экономиканы дамытудағы басым бағыттардың бірі - ішкі сауда қызметі мен экспортты өсіру. Қазақстан - ТМД елдерінің ішіндегі Курск аймағының ішкі саудадағы ірі серіктестерінің бірі. Курск облысының Қазақстанға экспорттайтын өнімдерін азық-түлік тауарлары, химиялық өнеркәсіп, машина және құрал-сайман өнімдері құрайды», - деп атап өтті Ресей аймағының басшысы.

Губернатор Курск облысының Қазақстанмен жасаған ішкі сауда айналымы 2012 жылдың қорытындысы бойынша, екі есе өсіп, 50 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 47313,1 мың АҚШ долларын, импорт 22,6,2 мың АҚШ долларын құрағанын айтты.

«Маңызды кездесудің қорытындысында Астанада 8 келісімшарт пен келісімге қол қойылды. Олар Курск облысы мен Қазақстан арасындағы байланысты кеңейтуге негіз болады», - деп хабарлады Курск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.