Құрылыс компанияларына маман даярлауға тікелей атсалысу ұсынылды
«Біз құрылыс компаниялары мен жоғары оқу орындарының, колледждердің арасында маман даярлау ісі бойынша өзара байланыстың жаңа тәсілін ұсынамыз. Бұл тәсіл бойынша құрылыс компаниялары оқу орындарына абитуриенттен дайын маман жасап шығару бойынша әлеуметтік тапсырыс береді. Іріктелген талапкерді ол білім алу үшін ЖОО мен колледждерге жібереді. Ол қажетті білімін алып, өзін оқуға жолдаған құрылыс компаниясына оралады», - деді сарапшы.
«Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы мұндай тәсіл құрылыс компанияларына өзі тапсырыспен дайындап жатқан маманға берілетін білімнің сапасын қадағалау мүмкіндігін беретінін айтады.
«Құрылыс компаниясы жоғары оқу орындары мен колледждер арқылы маманды өзі даярлайды. Сондай-ақ, студенттерге құырылыс саласы бойынша беріліп жүрген білім бағдарламаларын қайта қарау қажет. Әлі де болса біздегі білім бағдарламалары құрылыстың қазіргі талаптарына бағдарланбаған», - деп түйіндеді Лилия Испенбетова.