12:20, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Құрылыс жобаларына қатысты сұрақтарға орай семинар-сабақ өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқстанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында мемлекеттік өрт бақылау басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің ұйымдастыруымен құрылыс жобаларына қатысты сұрақтарға орай семинар-сабақ өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш семинарда өртке қарсы нормалау бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Б.Тұрманов баяндама жасады. Қатысушылар ғимараттар мен ғимараттарды қайта жаңғырту немесе күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарына жасалған жоба құжаттары бойынша мемлекеттік өрт бақылау органымен келісім жасау төңірегінде талқылау, пікір алысу барысында күнделікті қызметте өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға кеңірек тоқталды.
Құрылыс жобаларындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары туралы өткен семинарды департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Б.Данилов қорытындылады.