Құрылысшы свайлардың құлауы салдарынан қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қаратабан кентіндегі мұнай-химия зауытының құрылыс алаңында кеше кешке «КГС-Астана» ЖШС қызметкерлерінің темірбетондық свайларды сырлау кезінде жоғарыға салынған свайлар құлады.
ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, соның салдарынан екі жұмысшы свайлардың астында қалды, 38 жастағы қызметкер оқиға орнында көз жұмса, 20 жасар жас жігіт ауруханаға жеткізілді.