Құтқарушылар үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп берді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Сколько стоит новогодняя елка в Казахстане
Коллаж: Kazinform

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дүйім жұрттың өз үйлерін безендіретіні белгілі. Десе де көпшілік шыршаны қалай қауіпсіз орнату керектігін біле бермейді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, шыршаны мақтадан, қағаздан және целлулоидтан жасалған ойыншықтармен безендіруге болмайды.

Әрі шыршаның жанына майшам жағып қою – аса қауіпті. Одан соң гирлянданы түнде немесе үйде ешкім жоқ уақытта қосып қалдырмаңыз.

- Шыршаны қауіпсіздігіне көзіңіз жетпеген құрылғылармен безендірмеуге кеңес береміз. Жанған кезде шыршадан өте улы заттар бөлінеді. Шырша жылыту құрылғыларынан алыс жерге орнатылуы қажет. Шыршадан келетін қауіптердің бірі – оның құлау мүмкіндігі. Сондықтан үйге кішкентай шыршаны таңдаған жөн. Ол неғұрлым биік болса, оны бекіту соғұрлым қиынға түседі, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Жаңа жыл қарсаңында елордада 40-тан астам шырша шамын жаққаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар