Құтқарушылар 12 көлік пен 26 адамды қар құрсауынан шығарды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат үште Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Зырян-Степное кенті-Ушановский кенті» тас жолында 12 көлік пен 26 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп мәлім етті ҚР ТЖМ.

Құтқарушылар 12 көлік пен 26 адамды қар құрсауынан шығарды - ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ-нің «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің (5 адам мен 1 техника бірлігі) күшімен ішінде адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп апарылып, ол жерден қозғалыстарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.