Құтқарушылар Темірланның денесін судан алып шықты - Павлодар
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Ақсу кентінде жоғалып кеткен 4 жасар Темірланның мәйіті үш тәуліктен соң судан табылды, деп хабарлайды ТЖД.
Шұғыл -құтқару отрядының сүңгуірлері баланың денесін өзеннен тауып, сараптама жасау үшін дәрігерлерге берді.
Еске сала кетсек, бүлдіршін жағажайда туыстарымен бірге болған, өзге балалармен қосылып суға түскен.
Үлкендер оның жоғалғанын бірден байқай қоймаған.