Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кувейт Мемлекетінің Әмірі Қазақстан халқына бақ-береке тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейт Мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабир әс-Сабах Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтап, жеделхат жолдады.

Кувейт Мемлекетінің Әмірі Қазақстан халқына бақ-береке тіледі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сабах әл-Ахмад әл-Джабир әс-Сабах екі ел қарым-қатынастарының даму қарқыны жақсы екенін айта келе, түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту екі мемлекеттің де мүддесіне сай екенін атап өтті.

Кувейт Әмірі Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен амандық, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.