Қы­зыл­орда облысындағы матема­тикалық он­күндіктің қоры­тын­ды жиыны болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Қызылорда қаласындағы студенттер сарайында «Қазақстан 51-ші Халық­аралық математикалық олимпиаданы қар­сы алу алдында» атты Қы­зыл­орда облысындағы матема­тикалық он­күндіктің қоры­тын­ды жиыны болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университтің мате­ма­тика бағытындағы ғалым-профес­сор­лары, физика-мате­матика ка­фед­ра­сының оқыту­шылары мен сту­дент­тері, облыс­тық білім беру қыз­меткерлерінің біліктілігін арт­тыру және қайта даярлау институтының қызмет­керлері, математикалық олим­пиада жеңімпаздары, «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміт­керлер қатысты.

Облыс көлемінде онкүндік ая­сында бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім ұйым­да­рының барлық сатысында математикалық олимпиадалар, газеттер байқауы өткізілді, же­ңімпаздар анықталып, марапат­талды.

Салтанатты жиында респуб­ликалық «Дарын» ғылыми-прак­ти­калық орталығының ди­ректоры Тілдаш Битуова, об­лыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева атқа­рылған істерге жан-жақты тоқ­талды.Облыс көлемінде математи­ка саласында жүрген бір топ озаттар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Енді эстафеталық туды құра­мында үш адамы бар делегация Атырау облысына табыс етеді.

Соңғы жаңалықтар