Қылмыстық топ құрып, рейдерлікпен айналысқан: Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары тергеліп жатыр

Еске салайық, қылмыстық топ күш қолданып, қоқан-лоққы жасап, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.
Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Осыған дейін Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев пен ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілгенін жаздық.