Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғыз азаматтарының Қазақстанға келуін реттейтін заң қабылданды

АСТАНА.  27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы  отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасы аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы» заңы қабылданды.

Қырғыз азаматтарының Қазақстанға келуін реттейтін заң қабылданды

Аталған келісім 2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған. Құжат екі ел арасындағы достықты нығайтуды, екі ел азаматтарының қарым-қатынасын реттеуді көздейді. Келісімге сәйкес бір мемлекеттің аумағында жүрген екінші мемлекеттің азаматы өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органдарға тіркелуге міндетті. Ал келуші азаматтарды тіркеу екінші мемлекеттің шекарасынан өткен кезден бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Бұл мерзім дәл осындай 90 тәулікке кейіннен ұзартылуы мүмкін. Ал келуші азаматтар 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.