Қырғыз депутаттары Қазақстанмен одақтастық қатынастар туралы келісімшартқа өзгертулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

БІШКЕК. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -Қырғыз Парламентінің депутаттары «2008 жылы сәуірдің 17-сінде Астанада қол қойылған Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы Одақтастық қатынастар туралы келісімшартқа өзгертулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыз парламентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрі Ермек Ыбраимов сөз сөйледі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өзара іс-қимылдардың, сондай-ақ екі елдің арасындағы іс-шаралардың белсенділіктерін арттыру үшін және екіжақты ынтымақтастықтың деңгейін көтеру үшін аталмыш заң жобасында әрбір үш жыл сайын Қырғызстан мен Қазақстанның ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдауы қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар