17:43, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Қырғыз Президенті А.Атамбаев Қазақ еліне ресми сапармен келеді
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғыз Президенті А.Атамбаев Қазақ еліне тұңғыш ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 10 мамырда елімізге тұңғыш ресми сапармен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев келеді. Сапар барысында қырғыз тарабы еліміздің жоғары басшылығымен келіссөздер өткізіп, кездесулер аясында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары мен өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер қозғалады», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, сапар қорытындысы бойынша екі мемлекеттің президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне және бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.