Қырғыз президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Ресейге бара жатыр
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бүгін Мәскеуге ресми сапармен ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Іссапар барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөз өткізу жоспарланған.
Мемлекет көшбасшылары күн тәртібіндегі екіжақты және жан-жақты мәселелерді, сонымен қатар екі тарап үшін де тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.
Сондай-ақ ресми сапар барысында Садыр Жапаров басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланған.
Қырғыз басшысы 9 мамырда құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады.
Қырғыз Республикасы ресми делегациясының құрамында мына шенеуніктер бар:
- Адылбек Қасымалиев – Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Жээнбек Кулубаев – Сыртқы істер министрі;
- Мұратбек Азымбакиев – Президент Әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі;
- Марат Иманқұлов – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
- Гульнара-Клара Самат – Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі;
- Ұлан Ниязбеков – Ішкі істер министрі;
- Асқарбек Джаныбеков – Ауылшаруашылығы министрі;
- Тілек Текебаев – Транспорт және коммуникация министрі;
- Данияр Амангелдиев – Экономика және коммерция министрі;
- Құдайберген Базарбаев – Еңбек, әлеуметтік қамту және миграция министрі;
- Таалайбек Ибраев – Энергетика министрі;
- Нұрдан Орунтаев – Бішкек қаласы мэрінің орынбасары.