Қырғыз тарапы қазақстандық капитал мен бірлескен бизнесті жүргізуге әрқашан ашық - Роза Отынбаева

БІШКЕК. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Бішкекке жұмыс сапары аясында Қырғыз Республикасының президенті Роза Отынбаевамен кездесті.
None
None

Кездесу барысында қырғыздық-қазақстандық үкіметаралық кеңестің екінші отырысының нәтижелерін талқыға салды, ол отырыста Қырғызстан мен Қазақстанның экономикалық, мәдени-гуманитарлық, шекаралық ықпалдастығының мәселелері талқыланған. Қанағаттанарлық сезімде атап өтілгендей, тараптар барлық дерлік мәселелер бойынша түсіністікке келіп, келісімге келді.

Р.Отынбаева тараптардың екі елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуғ мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты бекіте түсу жұмыстарының белсенділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Тараптар Қырғызстанға инвестиция тарту, сонымен қатар республиканың банк жүйесі мен туристік саласын дамыту мәселелеріндегі ықпалдастық мәселелерін де әңгімеге арқау етті.

Қырғызстан басшысы атап өткендей, қырғыз тарапы қазақстандық капитал мен бірлескен бизнесті жүргізуге әрқашан ашық.

«Біз Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға басты маңыз береміз», - деп атап өтті Р.Отынбаева.

Соңғы жаңалықтар