Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан Қырғызстан Республикасының аумағында мұнай өңдеу зауытын салуды қарастыруда

БІШКЕК. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеуге жасаған сапары аясында Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарланды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
None
None

Екі президенттің кездесуі ҰҚШҰ ұжмыдық қауіпсіздік кеңесінің және ТМД мемлекет басшыларының ресми емес саммитінің аясында өтті. Кездесуде тараптар А. Атамбаевтың ағымдағы жылдың наурыз айында Әзірбайжанға жасаған сапары барысында қол жеткізген келісімнің іске асырылу барысын талқылады.

Алмазбек Атамбаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар ол мұнай өңдеу зауытын салу мен шикізатты жеткізу мәселесімен айналысатын жұмыс тобының құрамына Қазақстан өкілі кіретіндігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда мұнай өңдеу зауытын салуға кавказ республикасының инвестиция құюы туралы алдын ала жасалған келісім А. Атамбаевтың Әзірбайжан мемлекетіне жасаған сапары нәтижелерінің бірі болды. Болашақ зауытқа шикізатты жеткізуде Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қарастырылуда.

Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев өз кезегінде Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Бакуге жасаған реми сапарынан кейін екі ел арасында қарым-қатынас нығая түскендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар