Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылғанына өкінбейтін болады - А.Лукашенко

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылғанына өкінбейтін болады. Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғызстанның қосылуына байланысты ел президенті А.Атамбаевты сынаудың жөні жоқ. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз Қырғызстан Президентінің талабы бойынша Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуына байланысты мәселелерді, қосылу тиімділігін өте көп талқыладық. РФ Президентінің ұсынысы туралы уағдаласып, Қазақстан Президентінің ұстанымын қолдадық», - деді Беларусь Президенті.

А.Лукашенконың сөзіне қарағанда, Ресей мен Қазақстан Президенттері Қырғызстан одаққа қосылғаннан кейін оның халқы қандай тиімділікке ие болғанын сезінуі үшін барлық жұмыстар байыпты түрде атқарылатындығын атап өткен.

«Қырғызстан Президентін ешкім де сынамасын, ол ыңғайлы ұстанымды иелік етті. Бұл ретте Қырғыз Республикасы үшін ілгерілеушілік айқын болады. Олар өз елдерінде бар ет өнімдерін және басқа да тауарларын біздің ортақ нарығымызға жеткізе алады. Жаңа жылға дейін бұл мәселелер ілгерілетілетіндігіне сенім артамын. Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылғанына өкінбейтін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар