Қырғызстан Қазақстанға 1.8 млрд. кВт/сағат электр энергиясын жеткізеді

БІШКЕК. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстан энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық энергия компанияларына жалпы сомасы 56,9 млн. АҚШ долларына 1,8 млрд. кВт/сағат электр энергиясы сатылады.
None
None

«Электр стансылары» ААҚ электр энергиясын сату бойынша конкурстық ұсыныстарды қарау жөніндегі сарапшылар комиссиясының шешіміне сәйкес 2010 жылы Қазақстанның бес компаниясымен электр энергиясын жеткізуге шарт жасасты.

Атап айтқанда, «Теміржолэнерго» ЖШС 79,2 млн. квт/сағат, «Оңтүстік Жарық» - 75,9 млн. кВт/сағат, «Энергопоток» ЖШС - 62,1 млн. кВт/сағат, «ЖЭС-Энерго Алматы» ЖШС - 870 млн. кВт/сағат және «Активэнерго» ЖШС - 720 млн. кВт/сағт электр энергиясын алатын болды.

Соңғы жаңалықтар