Қырғызстан Кеден одағына қосылу туралы ниетін қуаттады

НКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қырғыз Республикасы Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің Кеден одағына қосылу туралы ниетін тағы да қуаттады.

Қырғызстан Кеден одағына қосылу туралы ниетін қуаттады

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Өмірбек Бабанов мәлім етті.

"Біз 2011 жылдың 19 сәуірінде Кеден одағына қосылу туралы өтініш білдірдік. Қырғыз тарапы жұмыс тобын құрды. Бүгін шағын құрамда (ЕурАзЭқ Мемлекетаралық кеңесінің) шешім қабылданды. Қазір біздің еліміздің Кеден одағына қосылуы туралы іс-шаралар жоспары нақты дайындалады", - деді ол ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында.

Естеріңізге сала кетейік, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыстарына ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысуда.