Қырғызстан Кедендік одаққа кіру мәселесін қарастырады

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қырғызстан Кедендік одаққа кіру мәселесін қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтерінің басшылары Кәрім Мәсімов пен Данияр Үсенов Астанада өткен екіжақты келіссөздердің қорытындылвары бойынша мәлімдеді.
None
None

«Біз бүгін Қырғызстанның Кедендік одаққа кіру мүмкіндігін туралы пікір алыстық», - деді К.Мәсімов.

Өз кезегінде, Д.Үсенов Қырғызстан Үкіметі қазірдің өзінде Қырғызстанның Кедендік одаққа кіру мүмкіндігі туралы мәселені жедел тәртіпте пысықтау туралы тапсырма алды. «Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болуы бұған мүмкіндік береді. Біздің еліміз есебінен одақтың кеңеюі де Қырғызстан үшін пайдалы болады, деп ойлаймын. Ресей, Беларус және Қазақстанның орасан зор нарығына қол жеткізу, Қырғыз Республикасының мүддесіне оң ықпал етері сөзсіз», - деп түйіндеді өз ойын Д.Үсенов.    

Соңғы жаңалықтар