Қырғызстан ҚР-ның бастамасымен инвестициялық қор құруды қалыптастырудың перспективаларын жоғары бағалап отыр - Алмазбек Атамбаев

МӘСКЕУ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі отырысы ауқымында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың екіжақты кездесуі өтті.

Қырғызстан ҚР-ның бастамасымен инвестициялық қор құруды қалыптастырудың перспективаларын жоғары бағалап отыр  - Алмазбек Атамбаев

Н. Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасында екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Аталып өткендей, қазіргі уақытта екі ел арасында тауар айналымының өсімі байқалуда, Қырғыстан Республикасына бағытталған қазақстандық инвестициялардың көлемі артуда.

Елбасы сонымен қатар бұған дейін қабылданған бірлескен шешімдерді тездету керек екендігін атап өтті. «Біз мүмкіндігімізше қырғызстандық тараптың мәселелерін қарастыруға әбден дайынбыз. Біз Қырғызстанның әрі қарай дамып, тыныш  өмір сүруіне мүдделілік танытамыз. Мен сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын», - деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде А. Атамбаев Н. Назарбаевқа кеңеске шақырғаны үшін алғысын білдіре отырып, Қырғызстан ҚР-ның бастамасымен инвестициялық қор құруды қалыптастырудың перспективаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Сіз бізге үнемі көмектесіп келесіз, сол үшін де алғысым шексіз. Қазақстан Республикасына біздің премьер-министр жұмыс сапарымен барғанда бірқатар мәселелер шешілген еді. Мен сіздің шақыруыңызды зор ризашылықпен қабыл аламын», - деді А. Атамбаев.