Қырғызстан Президенті Мәскеудегі ҰҚШҰ-ның саммитіне қатысады

БІШКЕК. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы аясындағы шараларға және ТМД мүше мемлекеттерінің бейресми отырысына қатысу үшін Мәскеуге ұшып шықты.
None
None

ҚР Президенті аппаратындағы сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сапар Исаковтың атап өтуінше, «алдағы саммиттердің күн тәртібінде - тараптардың бүгінде аталмыш ұйымдардың аясында белсенді іске асырылып отырған біріккен жұмысының барлық бағыттары бойынша ұстанымдарын түзету».

«Достастық елдері 20 жасқа толады, және тараптар бұл кезеңнің анықталған қорытындыларын шығарады. Сондай-ақ Ұйымның қызметін нығайту үшін өзара әрекеттестіктің болашағы зор бағыттарын талқылап өтеді. ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитінде 2013 жылды ТМД-ғы экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялау туралы шешім қабылданады деп күтілуде», - деп баяндады С.Исаков.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу Қырғыз Республикасының Ұйым аясында және жалпы алғанда Еуразиялық кеңістіктегі Қырғызстан тәуелсіздігінің 20 жылының ішінде бұрын қабылданған халықаралық міндеттемелерді есептегендегі интеграциялық процестердің жолын ұстаушылығын растайды.

Соңғы жаңалықтар