Қырғызстанда 300-ден астам қырғыз-қазақ кәсіпорындары тіркелген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 300-ден астам Қырғызстан мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындары тіркелген. Бұл туралы сейсенбі күні өткен Қырғызстан - Қазақстан форумында Қырғызстан сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Рима Апасова мәім етті, деп хабарлады КирТАГ.
«Әділет министрлігінің деректері бойынша, Қырғызстанда қазақстандық инвестициялардың қатысуымен қаржы, азық-түлік өндірісі, сауда, автобизнес, тұрмыстық бұйымдар, көлік, байланыс және құрылыс салаларында 300-ден астам ортақ кәсіпорындар тіркелген», - деді Р.Апасова.
Қырғызстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша, шетелдік серіктестер арасында Қазақстан алдыңғы орындарда тұр.
«Қазақстанның Қырғызстанға салған инвестициялары 1 миллиард доллардан асады. Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеерін ескерер болсақ, бұл көрсеткіш осымен тоқтап қалмайды», - деп сөзін толықтырды Қырғызстан сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстан арасында аймақаралық байланыстар да даму үстінде.
«Соңғы жылдары екі ел арасында бірқатар өңір басшылары арасында байланыстар нығайып келеді, Ош пен Қарағанды облыстары, Шу және Оңтүстік Қазақстан, Талас және Жамбыл облыстары арасында, сонымен бірге екі ел астаналары арасында ынымақтастық туралы келісімге қол қойылған», - деді Р.Апасова.