Қырғызстанда ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот делегация басшыларының екі жақты кездесулері өтуде

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкекте Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Қырғызстан Республикасының Жоғарғы сотының төрайымы Феруза Джамашевамен кездесті.
None
None

Феруза Джамашева сонымен қатар ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов, Беларусь Республикасы ЖС төрағасы Валентин Сукало және Тәжікстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Шермухаммад Шохиенмен екі жақты кездесулер өткізді.

Сонымен бірге ҚХР Жоғарғы халықтық сотының судьясы Ху Юнтенгпен, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы соты төрағасының орынбасары Кучкар Тогаевпен, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым директорының орынбасары Нұржан Джигитековпен, сонымен қатар Ресей Федерациясының ЖС төрағасы Вячеслав Лебедевпен кездесу өткізу көзделген.

Ертең ШЫҰ мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының Х кеңесі өтеді. Онда негізгі 4 мәселе: судьялардың біліктілігін арттыру саласында ШЫҰ мүше мемлекеттердің сот органдарының тәжірибе алмасуы: адам саудасымен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттердің соттарының тәжірибесі; абырой, намыс және іскерлік беделді қорғау туралы дауларды шешу бойынша сот тәжірибесі туралы; құқықтық көмек көрсету, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланып қолдау көрсету мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар