00:22, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Қырғызстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығуы өтеді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 29 шілде мен 1 тамыз аралығында Қырғыз Республикасының аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Қырғызстан Әскери күштерінің бас штабынан.
«Мызғымас бауырластық -2014» атанып отырған оқу-жаттығуды «Ала-Тоо» оқу орталығында өткізу жоспарланып отыр. Бұған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның Бірлескен штабы мен хатшылығы қатысады деп күтілуде.