Қырғызстандағы президенттік сайлау алдында ел халқына қолдау қажет - ЕҚЫҰ Бас хатшысы
СКЕУ. 5 қазан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қырғызстан президенті сайлауының алдында ел халқына барлық мүдделі халықаралық тараптардың қолдауы қажет деп, мәлім етті Мәскеудегі ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысқан ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньер.
Ламберто Заньердің айтуынша, оның алдағы уақытта Қырғызстанға жасайтын сапарында республика басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және республиканың саяси күш өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Сапар мақсаты - Қырғызстандағы адал және еркін сайлауды қамтамасыз ету.
«Қазір Қырғызстандағы жағдай тұрақты, алайда президент сайлауы оңай уақытта өткелі отырған жоқ. Қырғыз мемлекеті мен ел халқына осы сайлау ойдағыдай өту үшін барлық мүдделі тараптардың қолдауы қажет», - деді Л.Заньер.