Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстанға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды бүгін Қазақстан Үкіметінде талқылайды

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Дәмир Байманов/ - Қырғызстанға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды бүгін Қазақстан Үкіметінде талқылайды.

Қырғызстанға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды бүгін Қазақстан Үкіметінде талқылайды

Бұл туралы сейсенбі, шілденің 20-сында Министрлер кабинетінің отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев хабарлады.

«Бүгін біз жиналыс өткізбекпіз, бізге қырғыз делегациясы, Еуразия қоры мен Дүниежүзілік банктің өкілдері келеді. Біз бүгін отырамыз да, дағдарысқа қарсы жоспарды жасап шығарамыз. Біздің ел атынан ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Қуандық Бишімбаев жауап береді», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

«Дүниежүзілік банкпен келіскендей, бізде бір жоспар болады, бірақ олар түрлі қаржы көздерінен қаржыландырылатын болады: бір жағынан - халықаралық қаржы ұйымдары, екінші жағынан - Еуразия қоры, мен гуманитарлық көмектер», - деді Ө.Шөкеев.

Оның айтуынша, тамыздың 17-інде Мәскеуде ЕурАзЭҚ аталмыш дағдарысқа қарсы жоспарды Еуразия қоры басқармасында таныстырып, одан кейін «осы дағдарысқа қарсы жоспарға Қырғызстан үшін жеңілдетілген қарыздар тартылатын болады».