Қырғызстанға көмек көрсету жөніндегі қазақстандық жұмыс тобы Бішкекке келді

ІШКЕК. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясын қабылдады.
None
None

Кездесу барысында Ө.Шөкеев Қырғызстанға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасымен келгенін және Қырғыз Республикасына көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобын басқаратынын хабардар етті.

Кездесу барысында осы топтың қызметінің бағыттары талқыланды және ол мәселелер талқылауға шығарылатын болады. Қырғызстанға көмек көрсетудегі басымдықты салалар Ош қаласының әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру және қажетті гуманитарлық көмекті бағалау мәселелері екені аталды.

Жұмыс тобы Қырғыз Республикасының министрліктері мен ведомстволарының өкілдерімен бірлесе отырып, екі күннің ішінде екіжақты ынтымақтастық және Қазақстан тарапынан көмек көрсету мәселелерін талқылайды. Осы сапар барысында Ош қаласында болу белгіленіп отыр.

Осы жұмыс тобының сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі Астанада өткен ЕурАзЭҚ саммиті ауқымында Қырғыз Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі барысында талқыланған болатын.

Соңғы жаңалықтар